“Транстелеком” спикерлері қатысқан Неконференция өтті
2025-09-22 14:44
19 қыркүйекте “Терриконовая долина” IT-хабында АО “Транстелеком” қатысуымен өткен Неконференция IT мамандарын, студенттерді және цифрлық технологиялар мен осы саладағы мансапқа қызығушылық танытқан қатысушыларды жинады. Қонақтар ашық диалогтарға, нақты тәжірибемен алмасуға және шынайы форматтағы кездесулерге куә болды.
Іс-шара Қарағандының IT және digital компанияларының бос жұмыс орындары жәрмеңкесімен ашылды. Қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей сөйлесіп, кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Келесі бөлімде “Транстелеком” сарапшыларының дәрістері өтті. Дата Аналитика бөлімінің шешімдер архитекторы Айнур Рахымжанова деректердің басқарушылық шешімдерге қалай айналатынын және олардың бизнестің болашағына қалай әсер ететінін көрсетті. IT қызметінің басшысы Абылай Кикбаев қолданушыларға техникалық мәселелерді колл-орталыққа жүгінбей шешуге көмектесетін практикалық лайфхактармен бөлісті. ұлтты сервистер жөніндегі атқарушы директор Бауржан Муканов жас IT мамандарының мансаптық өсу жолдарын талдап, кәсіби дамуға ықпал ететін нақты қадамдар туралы айтты.
АҚ “Транстелеком” бұрынғы PR маманы Шұғыла Сағынбекова өз баяндамасында “Телеком-компанияны ілгерілету IT-компанияны алға жылжытудан несімен ерекшеленеді?” деген тақырыпты ашып, бренд құндылықтарының айырмашылықтарын, коммуникациялық стратегияларды және жылжыту тәсілдерінің ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. IT және желілерді дамыту бөлімінің шешімдер архитекторы Зауреш Тен біз күнделікті пайдаланатын байланыс жүйесінің қалай жұмыс істейтінін және операторлар арасындағы өзара келісімдер қалай жасалатынын түсіндірді. Бөлшек бизнесін дамыту директоры Юрий Тен сатылым мен сервис арасындағы тепе-теңдік тақырыбын көтеріп, бұл үдерісте корпоративтік мәдениеттің рөлін атап өтті.
Кештің соңында қатысушыларды бейресми нетворкинг күтті. Бұл бөлім Қарағандының кәсіби IT қауымдастығындағы жаңа таныстықтарға, тәжірибе алмасуға және пайдалы байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.