Баспасөз-релиздері

Әзірлеуші Rust бағдарламалау тілі туралы дәріс оқиды

2025-06-16 11:29
19 маусым күні “Терриконовая долина” IT-хабында заманауи бағдарламалауда ең көп талқыланатын әрі болашағы зор құралдардың бірі - Rust тіліне арналған қазақ тіліндегі дәріс өтеді. Дәрісті TargetAI компаниясының backend-әзірлеушісі Абуталиф Акылбеков жүргізеді. Ол бұған дейін C, Fortran және Python сияқты тілдермен жұмыс істеген. Lunu.io, kitaplab.kz жобаларындағы тәжірибесі мен ендірілген жүйелер саласындағы жұмысы спикердің жүйелік бағдарламалауды терең меңгеруіне жол ашқан, енді ол осы білімін қатысушылармен бөліспек.

Rust тілі қазіргі таңда кәсіби қауымдастықта кеңінен талқыланып жатыр. Бұл оның ерекше жадты басқару жүйесі мен қауіпсіздікке бағытталған архитектурасымен байланысты. Алайда, Абуталиф Акылбековтің пікірінше, бұл жай ғана уақытша тренд емес - Rust әзірлеушіге код құрылымы мен логикасына мүлде жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Дәріс барысында спикер Rust тілінің тұрақты әрі тиімді жүйелер құруға, төмен деңгейдегі мәліметтерге терең үңілмей-ақ "темірмен" жұмыс істеуге саналы түрде қарауға қалай көмектесетінін түсіндіреді.

Дәрісте жадты басқарудың уақытша алу және иелену жүйесі, қауіпті кодпен жұмыс істеу ерекшеліктері және Rust-тағы асинхронды бағдарламалау мүмкіндіктері нақты тәжірибе мен практикалық мысалдар негізінде қарастырылады.

Іс-шара студенттерге, әзірлеушілерге және қазіргі заманғы бағдарламалау тілдеріне қызығатын, Rust-ты іс жүзінде байқап көргісі келетін барлық қатысушыларға арналған. Қатысу тегін, тіркелу сілтеме арқылы жүргізіледі: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 19 маусым, 19:00

Орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: офлайн / онлайн