Баспасөз-релиздері

Александр Лашков халықаралық нарыққа шығу бойынша дәріс өткізді

16 сәуір күні өнімдік маркетинг саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы, Linguix.com компаниясының CEO-сы Александр Лашковтың қатысуымен халықаралық нарыққа шығу тақырыбында онлайн-дәріс өтті. Кездесу технологиялық стартаптарды жаһандық деңгейге шығару дайындықты бағалаудан бастап алғашқы шетелдік қолданушыларды тартуға дейінгі жолға арналды.

Дәріс тыңдаушылары арасында стартап негізін қалаушылар, өнім менеджерлері, маркетологтар мен өз бизнесін кеңейтуді көздейтін жас кәсіпкерлер болды. Александр Go-To-Market стратегиясымен қатар, өзінің тәжірибесінен алынған нақты кейстермен бөлісті, жаңа елдердегі өнімді іске қосу барысында жиі кездесетін қателіктерді талдап, 2025 жылы тиімді жұмыс істейтін маркетингтік құралдар туралы айтты.

Қатысушылар дәрістің практикалық маңыздылығын және сұрақ қоюға мүмкіндік беретін ашық форматын ерекше атап өтті. Спикер басты назарды мақсатты нарықтың мәдениетін түсініп, өнімнің құндылығын жоғалтпай, оны жаңа аудиторияға икемді бейімдеудің маңыздылығына аударды.

Дәрістің толық бейнежазбасын мына сілтеме арқылы көруге болады: https://share.kz/gucC

Қашан: 16 сәуір, 19:00
Форматы: онлайн
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС