Баспасөз-релиздері

Митапта жеке digital-агенттікті қалай ашуға болатындығы туралы айтылды

Көп жағдайда бизнес иелері агенттіктерге жүгініп жылжыту мен жарнама бойынша көмек сұрайды, сондықтан кәсіпкерліктің бұл нұсқасы маркетологтар арасында үлкен қарқын алуда. 20 қыркүйекте IT-хабта Амир Максутовпен бірге митап өтті, ол агенттіктің ашылу кезеңдері туралы ғана емес, сонымен қатар тапсырыс берушілермен жұмысы туралы кеңестерімен бөлісті.

Амир - FACTUM веб-студиясының директоры. Олар сайттарды, интернет-дүкендерді және онлайн-платформаларды жасаумен, контекстік жарнаманы орнатумен, SEO сайттарын жылжытумен айналысады. Спикер өзінің агенттігін қалай ашқаны, команда жинағаны және өз жолының басында қандай қателіктер жібергені туралы айтты.

Ол бастапқыда агенттіктердің типтік мәселелерін қатысушылармен талқылады. Олардың арасында орташа чектің төмен болуы, кадрлардың үлкен ауысымы, өндірістік агенттіктің тиімсіздігі, түсініксіз клиенттер, нашар жасалған шарттар мен келісімдер, СРС-көздерінде қымбат лид, арзан бағаға жұмыс істейтін бәсекелестердің болуы. Амир командамен әр кезеңді қалай шешкенін және қиындықтарды қалай жеңгендерін бөлісті.

Спикердің айтуынша, әр агенттік бір адамның фрелансқа кетуінен басталады. Содан кейін ол басқа фрилансерлерді табады, олар бірігеді, қызметтерін жинақтайды, процестерді қалпына келтіреді, нарықтағы орнын нығайтады және толыққанды бәсекеге қабілетті агенттікке айналады. Осы салада белгілі бір өсуге қол жеткізу үшін бірнеше тапсырманы игеру қажет. Олар: мықты серіктестерді тарту, жеке пайдалы ақпарат өнімдерін (чек-парақтар, гайдтар, нұсқаулықтар және т.б.) құру, қаржы және жобаларды басқару жүйесін енгізу, позицияны анықтау, PR-ға назар аудару және тиімді трафик арналарын табу. Сондай-ақ спикер міндетті түрде жаңа клиенттерді іздеумен айналысатын және ескісімен байланыста болатын жеке сату бөлімін құруға және сізді бәсекелестерден ерекшелейтін өз фишкасын табуға кеңес береді (оның ішінде өз клиенттеріне ерекше назар аударуды ұмытпау керек).

Дәріс бөлімінен кейін спикер сұрақтарға жауап беріп, митаптың ең белсенді қатысушысына кітапты табыс етті.

Видео жазбаны https://www.youtube.com/watch?v=f_ueieahpV0  сілтемесінен көруге болады.

Қашан: 20 қыркүйек
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".