Спикер мансапты дамыту бойынша жалпы кеңестерден бастады. Ол сізге үйренгіңіз келетін аймақты анықтап, оны зерттеуді, үнемі жаңа оқу мүмкіндіктерін іздеуді және soft дағдыларыңызды дамытуды ұсынды.
"Мансаптық өсуді қалай тездетуге болады? Мен сізге бастама көтеруге, өзіңізді және айналаңызды дамытуға, сондай-ақ кеңес беріп, өз тәжірибеңізбен бөлісуге көмектесетін тәлімгер табуға кеңес беремін", - деп түсіндірді Элеонора.
Сондай-ақ сарапшы мансаптағы мәселелерді қалай шешу керектігін және сәтсіздіктерден қорықпау не себептен маңызды екенін айтты. Митаптың соңында ол қатысушылар арасында IT саласындағы қандай стереотиптермен бетпе-бет келгендері туралы сауалнама жүргізді және ондай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін айтты.
Митаптың видео жазылымы төмендегі сілтемеден өтіп, көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=GB6mCYaQzBA
Қашан: 15 тамыз
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.
Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС