Баспасөз-релиздері

OKR және Hubbard жүйесі туралы дәріс IT-хабта өтеді

2025-08-11 10:03
14 тамыз күні «Терриконовая долина» IT-хабында бизнес-процестерді жүйелеуге арналған дәріс өтеді. Шарада спикер ретінде Mersys Kazakhstan компаниясының бас директоры Ансар Балгазов сөз сөйлейді.

Дәрістің тақырыбы компания иелері, топ-менеджерлер мен HR-мамандар үшін өзекті. Себебі олар көбіне шағын және орта бизнестегі мынадай типтік мәселелерге тап болады: жүйесіз жоспарлау, нақты емес мақсаттар, «қолмен басқаруға» тәуелділік және нәтижемен жұмыс істеуге арналған нақты жүйенің болмауы. Ансар Балгазов басқаруда тәртіп орнатуға көмектесетін тәсілді ұсынады.

Қатысушылар OKR (Мақсаттар мен негізгі нәтижелер) әдістемесі стратегиялық мақсаттарды қалай нақты нәтижеге айналдыратынын, ал Hubbard Management System компания құрылымын қалай қалыптастырып, жауапкершілік аймақтарын бөліп, бақылауды қалай ашық жүргізетінін біледі. Дәрісте осы екі жүйенің синергиясына ерекше назар аударылады: OKR қозғалыс бағытын айқындаса, Hubbard Management System сол мақсатқа жету жолын көрсетеді. Қатысушылар тек теориямен ғана шектелмей, өз бизнесіне бейімдеп қолдануға болатын практикалық тәсілдерді де меңгереді.

Қатысу тегін, тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/business

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 14 тамыз, 19:00

Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: онлайн/офлайн