Баспасөз-релиздері

Инкубациялық және акселерациялық бағдарламалардың қатысушылары Демо-күнде өз жобаларын қорғады

"Инкубатор" - бұл бастаушы кәсіпкерлер мен стартаперлерге идеяны бизнеске айналдыруға көмектесетін "Терриконовая Долинаның" жобасы. "Акселератор" өз кезегінде жұмыс істеп тұрған компанияларды масштабтауға және табысты ұлғайтуға бағытталған. 12 маусым күні IT-хабта Демо-күн өтті, ол жерде қатысушылар өз нәтижелерін ұсынды.

Командалар арасында "Инкубатор " қорытындысы бойынша өз жобаларын таныстырды:

Five Fingers -  кондитерлерді және олардың мақсатты айдиториясын біріктіріп, кондитерлерді іздеу платформасы. Платформада тапсырыс беруші өнімді дайындауға және жеткізуге тапсырыс бере алады, төлем жасай алады және жеткізушіге баға бере алады. Қатысушылар "Инкубаторға" қатысу кезеңінде нарыққа талдау жасады, 20 проблемалық сұхбат, MVP әзірледі және әлеуетті инвестор тапты.

Pogremushka.krg - туғаннан бастап бір жасқа дейінгі балаларға арналған интернет-дүкен. Команда сыйлыққа және жеке пайдалануға дайын қораптарды жасайды. Жобаға қатысқаннан кейін "Сылдырмақтарды" құрушы ай сайынғы кірісті 4 есе арттырды, менеджер жалдады және қай тауардың жақсы сатылатындығын анықтады.

@content_krg мобилография студиясы, ол instagram-ғы аккаунттарды рәсімдеу мен ораумен айналысады. "Инкубатор" командаға бір айдағы кірісті 4 есе арттыруға, қандай нәрсеге назар аудару керектігін түсінуге және бірге жұмыс істеу үшін алғашқы кәсіби фотографты жалдауға көмектесті.

Game Day - интерактивті сенсорлық платформаны қолданатын ойындар, ол жүздеген ойындар мен күрделі деңгейлерден өтуді ұсынады. Қатысушыларға инкубациялық бағдарламадан өту бизнес-процестерді құруға, нарықты талдауға және жоба туралы қорытынды презентация жинауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

"Акселератордың" қорытындысы бойынша өз нәтижелерін ұсынған командалар:

Бағдарламаға қатысу кезінде айналымы 1,5 есе өскен және  қамтуы бойынша 10 қаладан бүкіл Қазақстанға дейін жеткен гүлдер және сыйлықтарды жеткізу Cvetogis онлайн-тапсырыс беру сервисі. Команда отандық нарықтың 10%-н астамын иеленуді және клиенттердің қайта оралып келу санын арттыруды жоспарлап отыр.

Grafen білім беру орталықтарына арналған онлайн-платформа, ол онлайн-сабақтар өткізуге, үй тапсырмаларын автоматты түрде тексеруге және мұғалімдерге арналған бірыңғай оқу материалдарын өткізуге мүмкіндік береді. Қатысушылар бірінші клиентті алды, сондай-ақ мектептер базасына қоңырау шалып, келесі қосылу үшін тағы екі мектеппен келіссөздер жүргізді. Олардың жоспарында кем дегенде 200 000 студентті қосу және 20 000 000 теңге айналымға шығу.

Hustle Free спорттық турнирлерін ұйымдастыруға арналған платформа. Команда қазірдің өзінде басқарылатын сатылымдарды бастады, серіктестер санын 3-тен 25-ке дейін арттырды және өз платформасында 40 турнир өткізіп, 41 000 доллар тапты.

Біздің @terriconvalley инстаграм прақшасынан барлық алдағы іс-шаралар мен жобалардың анонстарын, келесі "инкубатордың" және "акселератордың" басталуын  жіберіп алмаңыз.

Қашан: 12 маусым
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая Долина” ЖШС.