17 қазан күні IT-хаб “Терриконовая долина” Bereke Bank компаниясының Android Tech Lead-і Иван Луценко дәріс оқыды. Қатысушылар нейросеттерді қалай өз орнына тиімді пайдалану керектігін және оларды қосымша міндеттерді тудырмай, нақты жұмысқа қалай бағыттау керектігін білді.
Дәріс Android-әзірлеушілерді, тимлидтерді және IT-сала мамандарын біріктірді. Иван AI-ді күнделікті жұмыс процесіне қалай интеграциялауға болатынын көрсетті: қателерді талдауды автоматтандыру, деректермен жұмыс тиімділігін арттыру және жобаларды басқаруға арналған өз құралдарын жасау жолдары талқыланды.
Қатысушыларға Claude және Model Context Protocol (MCP) арқылы рутиналық тапсырмаларды қысқартып, орындау уақытын қалай жылдамдатуға болатыны ерекше қызық болды. Сонымен қатар, промпттардың эволюциясы көрсетілді – алғашқы қарапайым формулировкалардан бастап, нақты тапсырмаларды дәл шешуге мүмкіндік беретін ойластырылған сценарийлерге дейін.
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы. Операторы: “Терриконовая долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.