Баспасөз-релиздері

Митапта "ақылды" үйлердің технологиясы туралы айтылды

8 желтоқсан күні IT-хабта шақырылған спикер - техникалық директор Алексей Кравцовпен "Smart тұрғын үй қауіпсіздігі" тақырыбында митап өтті. Қатысушыларға технологияның мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ "ақылды" үйлер саласындағы мамандықтың болашағы туралы айтылды.

Алексей технологияның даму тенденциясын, соның ішінде AI және Big Data интеллектуалдылық пен тиімділікке, ал IoT қабылдау мен автоматтандыруға қалай әсер ететінін талдады. Спикердің айтуынша, технология периметрді түрлі-түсті кескін және кең көру бұрышы арқылы қорғауды, кіруді және шығуды басқаруды, бейне есік қоңырауын, кіруді басқаруды, қауіпсіздік дабылын, лифтті басқаруды, нысанды патрульдеуді қамтамасыз етеді, келушілерге қызмет көрсетеді және тіпті толықтырылған шындық мүмкіндігін ұсынады. Сарапшы әрбір Smart домофония құралының мүмкіндіктері мен артықшылықтарын талдап, бұл технологияларды қазіргі әлемде неге пайдалану керектігін айтты. Соңында Алексей қатысушылармен "сұрақ-жауап" сессиясын өткізді.

Митап жазбасы https://www.youtube.com/watch?v=mI3HFLFDBQg сілтемесі бойынша көруге қолжетімді.

Қашан: 8 желтоқсан
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС