Баспасөз-релиздері

1С көмегімен бизнесті автоматтандыру жөнінде сарапшылар дәріс оқиды

IT-хабта бизнесті 1С арқылы цифрландыру мүмкіндіктеріне арналған дәріс өтеді. Іс-шара барысында қатысушылар кәсіпкерлер мен мамандар жиі кездесетін, бірақ нақты жауабы сирек берілетін сұрақтарға жауап алады: жалақы мен салық есептілігін қалай автоматтандыруға болады, тауар есебін қалай ретке келтіру керек, ревизия кезіндегі жанжалдарды болдырмау жолдары қандай және бөлшек сауда нүктесі немесе өндірістік стартап жұмысын қалай тұрақты етуге болады? Өз тәжірибесімен “1С:Франчайзинг Ваниев” компаниялар тобының шақырылған сарапшылары бөліседі.

Дәрісті компаниялар тобының директоры Евгений Ваниев ашады. Ол бизнесті цифрландыру қалай жүзеге асатынын, автоматтандыру неден басталатынын, ең жиі кездесетін қателіктер қандай екенін және 1С тек “бухгалтерлік бағдарлама” ғана емес, толыққанды басқару құралына қалай айналатынын баяндайды.

Іс жүзіндегі тәжірибеге негізделген блокты жетекші маман Анна Гордеева жалғастырады. Ол 1С құралдарын пайдалана отырып, жалақыны қалай дұрыс есептеу, 910 және 913 формаларын қалай тиімді тапсыру және адам факторын азайту арқылы айыппұлдардан қалай сақтануға болатынын жан-жақты түсіндіреді.

Тауар есебі мен ревизия мәселелерімен бетпе-бет келгендер үшін енгізу бөлімінің басшысы Виктория Тарасованың баяндамасы ерекше пайдалы болады. Ол тауар айналымын бақылауға арналған ашық әрі түсінікті жүйені құру, ревизиялық процестерді оңайлату және бухгалтерия мен қойма арасындағы жанжалдарды болдырмау жолдарын ұсынады.

Бөлшек сауданы тиімді ұйымдастыру жолдарын сервис-инженерлер бөлімінің басшысы Иван Чеботарев нақты кейстер негізінде түсіндіреді. Ол кассалық жабдықты, қойма мен есеп жүйесін біртұтас құрылымға біріктіру арқылы ресурстарды үнемдеуге қалай болатынын көрсетеді.

Өндірістік сектордағы автоматтандыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Внедрение бойынша жетекші маман Наталья Данилова өндірістік стартапта, әлі тұрақты процестері мен артық бюджеті жоқ жағдайда, 1С арқылы басқару жүйесін қалай құруға болатынын мысалдармен түсіндіреді.

Бұл дәріс тек 1С мамандарына ғана емес, сонымен қатар бизнесін тұрақты дамытқысы келетін кәсіпкерлер мен басшыларға да арналған. Қатысу тегін, алдын ала тіркелу қажет: https://terricon.kz/ru/1c-vaniyev

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 14 маусым, 12:00

Орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: офлайн / онлайн