Баспасөз-релиздері

Шілде Неконференциясының қорытындысы

26 шілде күні IT-хабта Неконференция өткізілді. Ол жерде шақырылған спикерлер жиналып, дәрістерін оқыды, сондай-ақ IT және digital салаларының мамандары қатысушы ретінде қатысты.

Әзірлеу залының көрермендері Backend әзірлеуші Евгений Табашнюк, Backend developer Жасұлан Аманжол және QA engineer Константин Морев сияқты сарапшыларды тыңдай алды. Евгений "Жоғары жүктемелі серверлермен жұмыс: мәселелер және олардың шешімдері". Ол жоғары жүктелген серверлердің негізгі мәселелерін, өнімділікті оңтайландыру жолдарын және серверлердің сенімділігі мен ақауларға төзімділігін қамтамасыз ету туралы айтты. Жасұлан өз кезегінде монолитті жүйелерді жаңғырту туралы айтты. Оның ішінде ол монолитті архитектурасы бар жүйелер деген не және микросервистерге қашан ауысу керек екенін айтты. Ал Константин мобильді және веб-қосымшаларды тестілеу туралы дәріс оқыды: тестілеуді жоспарлау, дайындық кезінде QA үшін не маңызды және фейлдардан қалай аулақ болу керек.

Осы уақытта бизнес залында Yandex Cloud СМО-сы Жанар Махамбетова, “Новые Авто” атты “Kolesa Group” сату бөлімінің басшысы Аслан Тлеуов және MBS-Consult консалтингтік компаниясының негізін қалаушы Виталий Макридин сөз сөйледі. Виталий корпоративті ортада уақытты басқару туралы айтып, бірнеше пайдалы әдістермен бөлісті. Аслан сатылымдағы психотиптерді талдады: жеке тұлғаның түрін қалай анықтауға және клиенттің әр түрімен жұмыс істеуге болады. Ал Жанар В2В және В2С сегменттері үшін әртүрлі жылжыту стратегиялары туралы айтты.

Дәрістердің видео жазбасы youtube-арнада көруге қолжетімді https://www.youtube.com/@TerriconValley

Қашан: 26 шілде
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы
Алалыкин к., 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: “Терриконовая Долина” ІТ-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.