Баспасөз-релиздері

Оқытушыларға ЖИ-ні қалай қолдану керектігі таныстырылады

2026-01-16 10:53
21 қаңтар күні Қарағанды қаласында білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолдану тақырыбына арналған лекция өтеді. Іс-шара сабаққа дайындыққа кететін уақытты қысқартудың және заманауи цифрлық құралдар арқылы оқу материалдарының сапасын арттырудың практикалық жолдарын іздеп жүрген оқытушыларға арналған.

Дәрістің спикері - Q Core Center компаниясының CEO және Founder-і Вильсур Гарифов. Ол өз сөзінде ИИ-дің неліктен эксперименттік технология болудан қалып, бүгінде білім беру саласындағы қажетті құралға айналғанын түсіндіріп, оқытушылардың оны күнделікті жұмысында қалай тиімді қолдана алатынын көрсетеді. Баяндамада оқу материалдарын, презентациялар мен тапсырмаларды дайындау, жұмыстарды тексеру және талдау, идеялар генерациялау, сондай-ақ контентті студенттердің деңгейі мен қажеттіліктеріне бейімдеу мәселелері қамтылады. Сонымен қатар педагогикалық тәжірибеде ЖИ-ні экологиялық әрі қауіпсіз қолдану тақырыбына ерекше назар аударылады.

Лекция гибридті форматта өтеді. Офлайн қатысу Ж.К. Букенов атындағы Қарағанды банктік колледжіалаңында студенттер мен оқытушылар үшін ұйымдастырылады, ал онлайн трансляция барлық ниет білдірушілерге қолжетімді болады. Іс-шараға қатысу тегін, тіркелу сілтеме арқылы: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 21 қаңтар, 11:00

Өткізілетін орны: Ж.Қ. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі, С.Мұқанов көшесі, 3

Форматы: офлайн - студенттер мен оқытушылар үшін, онлайн - барлық қалайтындарға арналған