Азат Есенов-Yessen & Company компаниясының басқарушы серіктесі. Компания деректерді талдау және визуализациялау саласында консалтингпен айналысады. Спикер өз сөзін компания туралы әңгімеден бастады: олар қалай ашылды, қандай қиындықтарға тап болды және пандемия бизнестің халықаралық деңгейге өтуіне қалай ықпал етті. Ол карантин кезінде тапсырыстар ағыны күрт төмендегенін, содан кейін Азат клиенттерді қайдан іздеу керектігін түсіну үшін фриланс-алаңдарға талдау жасауды ұйғарды. Upwork-да ең үлкен трафик жүретіні белгілі болды. Бұл платформада олар командамен бірге жұмыс істей бастады.
Спикердің айтуынша, жергілікті нарыққа қарағанда экспортқа жұмыс істеудің бірнеше себебі бар. Олардың ішінде экономика, отандық кадрлардың ағып кетуін тоқтату мүмкіндігі, шағын нарық және қашықтықтан жұмыс істеудің танымалдығы.
Сондай-ақ Азат шетелдік клиенттермен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі, олардың отандық тапсырыс берушілермен айырмашылығы, маңызды soft-скиллдары туралы айтып, олардың командасының жұмыс кейсінің сәттілік тарихымен бөлісті.
Соңында сарапшы аудиторияның сұрақтарына жауап беріп, митаптың ең белсенді қатысушысына кітапты табыс етті.
Спикердің баяндамасын https://www.youtube.com/watch?v=2rGbvnTr9Us сілтемесі бойынша жазбадан көруге болады.
Қашан: 12 қыркүйек
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.
Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".