30 қаңтар күні IT-hub «Терриконовая долина» алаңында қаңтар айындағы Неконференция өтті. Іс-шара IT, Fintech, өнім менеджменті, консалтинг және білім беру салаларының мамандарын біріктірді. Талқылаудың негізгі өзегі бүгіннің өзінде нарықты қалыптастырып жатқан практикалық құралдар, мансаптық стратегиялар және технологиялық трендтер болды.
Неконференцияның спикерлері ретінде консалтинг, Fintech, өнім және технологиялық компаниялардың өкілдері сөз сөйледі. Олардың қатарында MBS-Consult, Justmarkets, STEPPE, Yandex, Product Masters және QazCodeбар. Іс-шара аясында сарапшылар жеке жауапкершіліктің командалық нәтижеге қалай айналатынын және неліктен дәл осы ұстаным компаниядағы тұрақты тиімділіктің негізі саналатынын атап өтті. Қатысушылар сондай-ақ Fintech пен IT салаларындағы мансап дамуының нақты сценарийлерін және бүгінгі таңда халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілік беретін дағдыларды талқылады.
Сонымен қатар жобалардың танымал болуы және қоғамдық имидж қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Спикерлер бастамалардың кәсіби орта шеңберінен шығып, аудиториямен жүйелі түрде коммуникация орнату жолдары туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Неконференцияның техникалық бөлімінде BigTechтәжірибесінен алынған кейстер ұсынылды: заманауи әзірлеу құралдарымен жұмыс істеу, жаңа фичаларды продакшнға шығару тәсілдері және командалар ішіндегі процестерді оңтайландыру бойынша нақты мысалдар айтылды.
Маңызды бөлімдердің бірі — оқытудың болашағы және жасанды интеллекттің рөлі туралы талқылау болды. Қатысушылар алдағы жылдары ИИ білім беру форматтарын қалай өзгертетіні және бұл өзгерістер мамандар мен бизнес үшін қандай мүмкіндіктер ашатыны туралы түсінік алды. Бағдарлама соңында деректерді өңдеудегі негізгі құралдардың бірі саналатын Kafka тақырыбына кіріспе жасалып, оның қазіргі IT өнімдерінде қайда және не үшін қолданылатынына шолу ұсынылды.
Қашан: 30 қаңтар, 18:30
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: онлайн/офлайн
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: “Терриконовая долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.