Неліктен кейбір цифрлық платформалар нарық көшбасшысына айналады, ал басқалары бәсекелесу үшін стандарттан тыс тәсілдерді іздеуге мәжбүр? Қатысушылар бұл сұрақтарға London Business School-дың Next Generation Digital Strategy бағдарламасының Academic Director-ы Юрий Романенков өткізген ағылшын тіліндегі онлайн-оқыту барысында жауап алды.
Кездесу кезінде спикер платформалық бизнесте нарыққа алғаш болып шыққан компанияның әрдайым жеңіске жете бермейтінін көрсетті. Ол нақты мысалдар арқылы нарықта екінші орында тұрған компаниялардың көшбасшылармен қалай табысты бәсекелесе алатынын, желілік әсерлердің ерекшеліктерін өз пайдасына қалай пайдалана алатынын және ұзақ мерзімді өсу стратегиясын қалай құруға болатынын талдады.
Қатысушылар платформалардың пайдаланушылар үшін күресте жиі жіберетін қателіктерін, бәсекелестік ортаны бағалау тәсілдерін және нарықта жоғары шоғырлану жағдайында стратегиялық шешімдер қабылдау жолдарын талқылады. Оқытуға кәсіпкерлер, басшылар, product-менеджерлер және цифрлық сала мамандары қатысты.
Қашан: 2 шілде, 19:00
Форматы: онлайн
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.
Оператор: «Терриконовая долина» IT-hub-ы; «Терриконовая долина» ЖШС.