Баспасөз-релиздері

IT-хабта жаңа бастаушы frontend-әзірлеушілерге арналған дәріс өтеді

Frontend-әзірлеу ‑ бұл веб-сайттың немесе қосымшаның клиенттік жағында пайдаланушы интерфейсін құру. Бұл веб-парақшаны ашқан кезде пайдаланушы көретін және олар өзара әрекеттесетін барлық нәрсе кіреді: батырмалар, баннерлер және анимациялар. 6 маусым күні IT-хабта "IT саласына қалай кіруге болады? Frontend қосымшаларын тестілеу тәжірибесі", ол жерде спикер жеке тәжірибесімен және оқуға пайдалы ұсыныстарымен бөліседі.

Шақырылған спикер ретінде EPAM Anywhere-де Software Engineer Игорь Захаров болады. Өз сөзінде ол frontend-қосымшаларын тестілеудің кейбір тәжірибелерін, frontend тестілеу пирамидасын (соның ішінде unit, Integration, end to end), нарықтағы қол жетімді технологияларды (кітапханаларды) қарастырады. Сондай-ақ TDD Test Driven Development, Snapshot Testing и BDD Behavior Driven Development жайлы талдайды.

Дәріс бастаушы әзірлеушілерге және IT мен frontend-әзірлеу саласына жұмысқа кіруді жоспарлайтындардың барлығына пайдалы болады. Іс-шара тегін, сіз офлайн немесе онлайн қатыса аласыз. Дәріске тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/frontend-testing

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 11 маусым, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.