Баспасөз-релиздері

Айдын Торгаев әзірлеушіге жеке жобаны қалай іске қосу керектігімен бөліседі

Жеке дамудың белгілі бір артықшылықтары бар: тәуелсіздік, қарама-қайшылықтарды жою, тиімділік және тек сізге тиесілі нәтиже. 19 мамырда IT-хабта митап өткізіледі, ол жерде нақты кейс мысалында тәуелсіз жобаның іске қосылуы және оның нарыққа шығуы туралы айтылады.

Шақырылған спикер Devspace.kz негізін қалаушы Айдын Торгаев болады. Ол Devspace құру идеясына қалай келгенін, іске асыру үшін технологияны қалай таңдағанын және оны халық пайдалану үшін қалай іске қосқанын айтады. Сондай-ақ спикер өз сөзінде идеяларды қалай құруға және мәселені шешуге, іске асыру үшін технологиялық стекті қалай таңдауға және әлі дайын емес жобаны қалай бастауға болатындығымен бөліседі. Митап соңында қатысушылар Айдынға өз сұрақтарын қоя алады.

Бастауыш және тәжірибелі әзірлеушілерді, стартаперлерді және IT-мамандықтарында оқып жүрген студенттерді шақырамыз. Митап тегін, офлайн немесе онлайн форматында қатысуға болады. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 19 мамыр, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.