Баспасөз-релиздері

Кәсіпкер сәтті онлайн-жобаны қалай бастау керектігі туралы айтып берді

Онлайн жобаны іске қосу - үлкен команда үшін ауқымды міндет. Дайындық процесінде көптеген сәтсіз қадамдарға жол беріп, жобаны жарты жолда тастап кететін жағдайлар болады. 5 ақпан күні ІТ-хабта митап өтті, ол жерде онлайн-жобалар қалай іске қосылатынын, қандай кезеңдер болатынын және жиі кездесетін қателіктерді жібермеу жолдарын талдады.

Митап спикері Samga Bilim Group CОО Галымжан Елеусизов болды. Оның айтуынша, онлайн жобаны бастау үш аспектіден басталады: идея, мәселе және шешім. Галымжан сіздің кім екеніңізді және не үшін жасағыңыз келетінін, не үшін қажет екенін түсіну маңызды екенін атап өтті.

Ол өз командасының ортақ мақсаттарға жету үшін қандай құралдарды қолданатынын, сондай-ақ олардың компаниясында маркетингтің қалай құрылатынын көрсетті. Спикер онлайн ҰБТ-ға дайындық бойынша сәтсіз жобаның тарихымен бөлісті, оның ішінде олар қандай қателіктер жібергенін және қандай сабақ алғанын айтты.

Жобаны бастамас бұрын нарықты және мақсатты аудиторияны мазалайтын сұрақтары мен қажетті мәнін зерттеу маңызды. Бұл клиентке дәл өзі қалаған және төлеуге дайын өнімді беруге мүмкіндік береді. Галымжан аудиторияның назарын Customer Development сияқты құралға аударды, өйткені оның тәжірибесі бойынша ол сіздің бизнесіңіздің табысты болуына ықпал етеді.

Митап соңында Галымжан аудиториямен тақырыпты талқылап, олардың сұрақтарына жауап берді. Митап жазбасы https://www.youtube.com/watch?v=ED9ksoRviBE сілтемесі бойынша көруге қолжетімді.

Қашан: 5 ақпан
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.