Баспасөз-релиздері

Максим Нечаев iOS-әзірлеудің болашақ перспективалары туралы айтты

9 қыркүйек күні ІТ-хабта Snoonu-да Senior iOS әзірлеушісі және команданың техлиді Максим Нечаевпен бірге митап өтті. Ол мобильді әзірлеуші мамандығы туралы айтып, IT-ге жаңадан келгендер үшін осы саланы болашақ мамандық ретінде не үшін таңдауы керек екендігімен бөлісті.

Спикердің айтуынша, статистика өзі үшін айтады: Statista мәліметтері бойынша, бүкіл әлемдік веб-трафиктің 54%-ы мобильді құрылғыларға тиесілі, бұл мобильді әзірлеу саласын нарықта сұранысқа ие етеді. Ол iOS пен Android арасындағы айырмашылықтар неде екенін айтты, сонлай-ақ, iOS-тың артықшылықтары және қосымшалардан қанша пайда табуға болатынын айтты.

Сонымен қатар Максим нарыққа шолу жасады: трендтер, бастау үшін қажетті дағдылар мен білім, өзекті бағдарламалау тілдері, құралдар мен платформаларды талдады. Оның айтуынша, егер ол әзірлеуші мансабын қазір қайта бастаған болса, ол бірінші кезекте қарапайым Swift курстарын оқып, содан кейін тәлімгермен айналысып, өзінің алғашқы қосымшасын жаза бастайтынын атап өтті.

Практикалық тәжірибеге келетін болсақ, спикер портфолио құру және алғашқы жобаларды табу бойынша кеңестерімен бөлісті. Максим әзірлеушілер қауымдастығының бір бөлігі болу және байланыстар желісін құру неліктен маңызды екенін айтты. Соңында ол аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

Митаптың видео жазбасын https://www.youtube.com/watch?v=yBJd_4g8vag сілтемесі бойынша көруге қолжетімді.

Қашан: 9 қыркүйек
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС