Баспасөз-релиздері

Фрилансер Upwork платформасында қашықтан жұмыс істеу туралы митап өткізді

Upwork - бұл жұмыс берушілер бүкіл әлем бойынша мамандарға бос жұмыс орындарын ұсынатын фрилансерлік платформа. 6 қараша күні IT-хабта митап өтті, ол жерде Upwork биржасында қалай тіркелу және клиенттерді іздеуді бастау керектігі айтылды.

Митаптың спикері халықаралық фрилансер, Upwork платформасында жұмыс істейтін агенттіктің негізін қалаушы Мадина Шарипова болды. Мадина Upwork-те 49 келісімшартты жауып үлгерді және 30 мың доллардан артық табыс тапты. Спикер өзінің мансаптық жолы туралы әңгімесімен бөлісті және кеңсе қызметкерінен фрилансингке қалай ауысқанын айтты.

Мадина Upwork платформасының ерекшеліктерін және ол жерде жұмыс істейтін мамандар алатын жалақы деңгейін талдады. Оның айтуынша, Upwork корпоративтік клиенттері шағын бутиктердің де, ірі көпұлтты компаниялардың да иелері болып табылады. Қашықтан тапсырмаларды орындай алатын және шет тілін білетін кез-келген профильдегі мамандар тіркеліп, жұмыс іздеуді бастай алады.

Сондай-ақ спикер қашықтан жұмыс істеу ТМД-дағы инфляцияны айналып өтуге, кеңсеге тәуелді болмауға, саяхаттауға және өзінің қаржылық жағдайын түзетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Митап соңында Мадина аудиторияның сұрақтарына жауап беріп, кітапты ең белсенді қатысушыға сыйлық ретінде табыс етті.

Митап жазбасы https://www.youtube.com/watch?v=8zekqJYWB50  сілтемесі бойынша көруге қолжетімді.

Қашан: 6 қараша
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".