Бизнес-кеңесші митапта уақытты қалай дұрыс басқару керектігін айтып береді
2022-12-06 11:18
Уақытты басқару - мақсатқа жету үшін жұмыс уақытын тиімді жоспарлау, уақыт ресурстарын табу, басымдықтарды белгілеу және жоспарланғанның орындалуын бақылау болы табылады. Осындай құралдың мақсаты: жеке тиімділікті арттыру үшін көбірек үлгеру іс-әрекеттерін жасау. 9 желтоқсан күні IT-хабта өтетін митапта тайм-менеджмент тақырыбы толығырақ талқыланады.
Шақырылған спикер - Umgroup компаниясының директоры, бизнес-кеңесші Андрей Станков болады. Ол тақырыптың барлық аспектілерін егжей-тегжейлі талдайды, соның ішінде: басымдықтар мен мотивация, жоспарлау, үлкен тапсырмаларды орындау дағдылары, әдеттерді қалыптастыру, хронофагтар, сондай-ақ тапсырманы басқа біреуге табыстау және көп тапсырмалылық туралы айтады.
Митапта қатысушылар өнімдірек болуға және аз уақыт жұмсауға мүмкіндік беретін дағдылар мен лайфхактарды үйренеді. Курс прокрастинациямен күрескісі келетіндерге фокусты сақтауға және басымдылықтарды дұрыс қоюға көмектеседі.
Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/businessІс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы". Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.