IТ-хабта Domain Driven Development туралы дәріс өтеді
2024-10-11 18:44
"Терриконовая долина" ІТ-хабы әзірлеушілерді, IT-мамандарды және бағдарламалық жасақтаманы әзірлеудің заманауи тәсілдеріне қызығушылық танытқандарды Domain Driven Development (DDD) әдісі туралы айтылатын дәріске шақырады. Дәріс спикері БҚ әзірлеу саласында он жылдан артық тәжірибесі бар DataArt компаниясының Senior Developer-і Нурлан Кенжебеков баяндамасын оқиды.
DDD - бұл әзірлеу процестерін тиімді құруға, күрделі жүйелерді құруға және техникалық қарыздың жиналуын болдырмауға көмектесетін тәсіл. Дәрісте Нурлан әдістің негізгі артықшылықтары туралы әңгімелейді, оны нақты өндірістік жобаларда қолдану ерекшеліктерін ашады және DDD көмегімен жобаны құрудың қадамдық процесін көрсетеді.
Дәріс аясында ірі жобалар үшін DDD артықшылықтары, әдісті енгізудің шынайы кейстері, DDD негізінде жобаны құру қадамдары талданады.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі. Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.