Баспасөз-релиздері

Иван Кононов Data Science мүмкіндіктерін талдайды

Data Science - бұл дұрыс шешімді табу үшін деректермен жұмыс істеу кезінде ғылыми әдістерді қолдану. Бұл саланың маманы ғылымда, бизнесте және күнделікті өмірде шешім қабылдауға көмектесетін мәліметтер негізінде модельдер жасайды. 18 қараша күні ІТ-хабта Ммитап өтеді, ол жерде ChatGPT дәуіріндегі Data Science саласындағы өзгерістер талданады.

Шақырылған спикер - Data Science саласындағы сарапшы , CTO kScooters және R&D Engineer Иван Кононов болады. Ол өз сөзінде бірегей зерттеулермен бөліседі, сонымен қатар Machine Learning, Neural Networks, Computer Vision қосымшаларының практикалық қолданбаларын және келесі үлкен жаңалық неліктен Computer Vision-мен байланысты болатынын талдайды.

Митап стартаперлерге, әзірлеушілерге, студенттерге және Data Science саласына қызығушылық танытқандардың барлығына қатысу пайдалы болады. Қатысу тегін, қатысу форматтары - офлайн және онлайн. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 18 қараша, 18:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.