Баспасөз-релиздері

Митапта бизнесті дамыту стратегиясын зерттейді

Бизнесті дамыту стратегиясы - бұл жаңа клиенттерді тартудың, мүмкіндіктерді кеңейтудің, жаңа идеяларды енгізудің және кірісті арттырудың нақты жоспары. 5 шілде күні IT-хабта митап өтеді, ол жерде компанияны жаһандық өзгерістерге қалай келтіру керектігі айтылады.

Шақырылған спикер - Виталий Макридин, MBS-CONSULT бизнес-шеберлік мектебінің негізін қалаушы және Еуропалық қайта құру және даму банкінің аккредиттелген кеңесшісі. Виталий бизнесті дамытудағы жеке тәжірибесімен бөлісіп, кәсіпкерлерге бірнеше кеңестер береді.

Митап бағдарламасында стратегияны әзірлеу және енгізу, міндеттерді бақылау жүйесін әзірлеу, өндірістің басым бағыттарын анықтау, мәселелерді анықтау үшін қызметкерлердің сауалнамаларын толтыру сияқты тақырыптары қарастырылады. Дәріс соңында спикер қатысушылармен "сұрақ-жауап" өткізеді.

Митап шағын және орта бизнес иелеріне, стартаперлерге пайдалы болады. Офлайн және онлайн форматтарында қатысуға болады. https://terricon.kz/ru/business сілтемесі арқылы өтіп, тіркеле аласыз.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 5 шілде, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС