Баспасөз-релиздері

Backend Developer Go бағдарламалау тілі туралы айтып береді

6 қазан күні IT-хабта басқа бағдарламалау тілін үйренгісі келетін және түйіндемесіне жаңа дағды қосқысы келетін әзірлеушілерге арналған дәріс өтеді. Technodom компаниясының Backend Developer Александра Быкова Go және оның басқа тілдерден айырмашылықтары туралы толығырақ айтып береді.

Go - бұл Google-дің көп ағынды, ашық бастапқы бағдарламалау тілі. Негізгі қолдану саласы - веб-қызметтер мен клиент-сервер қосымшаларын әзірлеу.

Дәрісте спикер микросервистердің не екенін және олардың монолиттен қалай ерекшеленетінін, gRPC протоколын пайдаланудың пайдасы, Go тілінің ерекшеліктері және оны қайда қолданатынын талдайды. Александра Go  қолданудың артықшылықтары туралы айтады, сонымен қатар Go әзірлеушісі болу туралы кеңестермен бөліседі.

Дәріс тегін өткізіледі және осы тілді үйренуге қызығушылық танытқан барлық әзірлеушілерге пайдалы болады. Сіз офлайн немесе онлайн форматында қатыса аласыз.  https://terricon.kz/ru/go-coding сілтемесі арқылы тіркеле аласыз.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 6 қазан, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС