Баспасөз-релиздері

Кәсіпкерлер мен әзірлеушілерге арналған Неконференцияға қатусыға шақырамыз

24 қараша күні IT және digital салаларының өкілдерін біріктіретін іс-шара Неконференция өткізіледі. Қатысушыларды тәжірибелі сарапшылардан өнімді басқару, стартаперлердің сәтсіздіктері, UI Kit және дизайн тақырыптары бойынша қызықты дәрістері, сондай-ақ бейресми қарым-қатынас және тәжірибе алмасу күтеді.

Жалпы 4 спикер өз баяндамаларымен бөліседі. Бизнес залында productmentor.kz, productmanagement.kz, intellimarket.kz бас директоры және негізін қалаушысы Еркебулан Сапаров және Sverdlovsk Venture Fund Ex-CEO-сы Денис Скоморохов. Ал әзірлеу залында Freedom Mobile компаниясының Frontend Teamlead-і Тамерлан Токбаев және digital, product designer Евгения Бекметьевамен дәрістер өтеді.

Еркебулан стартаптағы продакт-менеджерінің рөлі туралы айтып береді. Оның дәрісінде қатысушылар продакт-менеджері мен жоба менеджерінің қалай ерекшеленетінін, стартапқа продакт-менеджер не үшін қажет екенін және стартапта осындай маманның жұмысының ерекшелігі туралы біледі. Денис өз кезегінде инвестор тарапынан стартаперлердің бес шынайы сәтсіздігі туралы айтады. Сондай-ақ ол кәсіпкерлік жобалардың нақты тәжірибесімен және инвесторлардың шешім қабылдау ерекшеліктерімен бөліседі.

Тамерланның дәрісі "UI Kit. Өзіңіздің дизайн кітапханаңызды қалай құруға болады" тақырыбында болады. Спикер сізге өзіңіздің UI Kit не үшін қажет болуы мүмкін екенін, идеяны бизнеске қалай сатуға болатынын және UI Kit жасау үшін өзіңіздің қадамдық нұсқаулығыңызды қалай жинау керектігін айтады. Ал Евгений ІТ-дегі жаңадана бастаушы дизайнерлер мен бұл саланы таңдауды ойланып жүргендер үшін қызықты болатын тақырыпты ұсынады. Ол саладағы негізгі дағдылармен қай жерде жұмыс істеуге болатынын түсіндіреді, жалдау процесін, соның ішінде сұхбатта өзін қалай таныстыру керектігін, CV және портфолионы қалай құру керектігін түсіндіреді.

Неонференцияға қатысу тегін. Сіз офлайн немесе онлайн форматында қосыла аласыз. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/neconf

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 24 қараша, 18:30
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.