IT-хабта деректерді басқару бойынша тегін курс басталады
2024-05-31 15:56
Деректермен жұмыс істеуді оңтайландыру-процестерді жеңілдету және жылдамдату тәсілдерінің бірі. 3 маусым күні ІТ-хабта "SQL және Python негіздері: Сұраныстар және деректерді басқару" тақырыбы бойынша курс басталады, ол жерде қатысушылар бағдарламалау тілдерін үйренеді және оларды жұмыста қолдануды үйренеді.
Оқыту спикері - “Учёт Бухгалтерия” ЖШС-де Backend-әзірлеуші Евгений Табашнюк болады. Интенсив теориялық бөлімді зерттеуді және алынған дағдыларды тәжірибеде пысықтауды қамтиды. Бағдарламада PostgreSQL және Python негіздері, негізгі деректер операциялары (SELECT, INSERT, UPDATE, DELETE), Python-ға кіріспе: синтаксис, ортаны орнату және конфигурациялау, Python-дағы негізгі деректер түрлері мен операциялар сияқты блоктар қарастырылған. Сондай-ақ, қатысушылар psycopg2 кітапханасын орнату мен конфигурациялауды, Python-нан SQL сұрауларын орындауды, Python және PostgreSQL негізіндегі жобаны жоспарлау мен әзірлеуді талдайды.
Курсқа қатысу үшін өзіңізбен бірге ноутбуктың болуы қажет. Оқыту жұмыс күндері сағат 18:30-дан 20:30-ға дейін өткізіледі.
Кәсіпкерлерді, басшыларды, жаңадан бастаушы дата-талдаушыларды, бастаушы әзірлеушілерді, маркетологтарды және деректермен жұмыс істейтін мамандарды шақырамыз. Сілтеме бойынша тіркеле аласыздар: https://terricon.kz/ru/sql
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы. Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы;"Терриконовая долина" ЖШС.