Баспасөз-релиздері

"Терриконовая Долина" бизнесті басқару бойынша екі күндік тренинг өткізді

27 мамырда ІТ-хабта бизнес иелері мен басшылар үшін тегін оқыту басталды. Спикер ретінде шақырылған бизнес - кеңесші Георгий Битадзе екі күндік тренинг өткізді, оның барысында қатысушылар бизнес мақсаттарын анықтаудан бастап, масштабтау нұсқаларына дейінгі барлық қажетті дағдылар мен құралдарды меңгере алды.

Оқытудың бірінші күні кіріспе практикалық сабақтан басталды: аудитория өз бизнесінің идеясын құру және алғашқы қадамдарды ойластыру үшін топтарға бөлінді. Әрі қарай әр топ өз жобаларын таныстырып сөз сөйледі, ал қатысушылар болашағы барын таңдады. Осылайша, барлығы компанияның миссиясын қалай құруға болатындығын, мақсат пен әлеуетті клиентті қалай анықтауға болатындығын, жылжыту құралдарын қалай таңдауға болатындығын және жоспарланған нәтижеге қол жеткізе алды.

Курстың келесі бөлімі қаржылық менеджмент туралы болды. Бұл жерде қатысушылар Қазақстандағы инвестицияларды, салықтарды, аударымдарды, қаржылық модельді және басқа ұғымдарды талдады. Персоналды басқару, маркетинг және сату сияқты тақырыптар да зерттелді.

Екінші күн алдында үйренген тақырыптар мен дағдыларды қайталаудан басталды. Содан кейін спикер тәуекелдерді басқару мен шешім қабылдауды талдауға кірісті. Бір күн бұрын топтарға бөлінген қатысушылар өздерінің "компанияларындағы" тәуекелдерді бағалауы керек еді. Георгий тәуекелдердің түрлері мен есептеу әдістері, сондай-ақ тәуекел матрицасын қалай құру керектігі туралы айтты.

Әрі қарай, аудитория сарапшымен бірге бизнесті басқару технологияларын талдауға көшті. Спикер Agile және Waterfall тәсілдері, олардың құралдары, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтты. Ол әрбір кәсіпкер игеруі қажет бизнеске арналған әмбебап құралдарымен бөлісті.

Сонымен қатар курста "Бизнесті жүргізудің құқықтық аспектілері" және "Бизнесті дамыту және стратегиялық жоспарлау" сияқты тақырыптар қарастырылды. Оқытудың маңызды сәттерінің әрқайсысы іс жүзінде топтарда бекітілді. Соңында Георгий қорытындылап, аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

Қашан: 27-28 мамыр
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС