Баспасөз-релиздері

Оқытуда деректермен жұмыс туралы айтып береді

2024-07-10 13:35
Business Intelligence (BI) – бұл бизнес шешімдерінің тиімділігін арттыру мақсатында қолданылатын деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға арналған тұжырымдамалар, әдістер мен технологиялар жиынтығы. 13 шілде күні IT-хабта “Business Intelligence: SQL, Power BI, Qlik көмегімен деректермен жұмыс істеу” тақырыбында ағылшын тілінде оқыту өтеді. Ол жерде бизнесте деректерді құруды жеңілдету үшін BI құралдары мен әдістері туралы айтылады.

Спикер ретінде DataArt-та Business Intelligence Engineer Ислам Іскежанов сөз сөйлейді. Ол деректермен жұмыс істеуді бастау үшін нені білу керектігін, BI құралдарының маңыздылығын, SQL дерекқорынан деректер ағынын дұрыс реттеу әдістерін және деректермен жұмыс істеу перспективасын талдайды. Сонымен қатар, сарапшы Qlik, Power BI, Tableau сияқты құралдарды пайдалану туралы айтып береді.

Деректерді талдаушыларды, қаржыгерлерді, бизнес иелерін шақырамыз. Қатысу тегін, сілтеме бойынша тіркеле аласыз: https://terricon.kz/ru/business

Қашан: 13 шілде, 12:00
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы
Алалыкин к., 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: “Терриконовая Долина” ІТ-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.