Баспасөз-релиздері

Қарағандыда онлайн-курстарды құру бойынша оқыту басталады

Авторлық онлайн курстар - бұл өз ісінің мамандарына қашықтан жұмыс істеп өз дағдылары мен сарапшылығымен бөлісу мүмкіндігінің бірі. 4 маусым күні IT-хабта екі күндік оқыту басталады, ол жерде өз біліміңізді жинақтап және бір ағында 1 млн теңгеден жоғары ақша табыс табуды бастау туралы айтылады. Сіз офлайн және онлайн форматында қатыса аласыз.

Шақырылған спикер - Upgrade Group негізін қалаушы Аблай Юсупов. Ол онлайн-курсты құрудың әрбір қадамы, атауы мен мақсатты аудиторияны іздеуден бастап, студенттерді алға жылжыту мен тартуға дейінгі қадамдар туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Сондай-ақ сарапшы техникалық фишкалармен бөліседі: онлайн сабақты қалай өткізу керек, курсты өз бетінше және видеомейкермен қалай жазу керек, жұмыс үшін қандай техника қажет.

Тренингке қатысушылар өзекті тақырып бойынша өздерінің білім беру өнімдерін жасауды үйренеді, алғашқы сатылымдарды қалай жасау керек, клиенттерді қайдан іздеу керек, өтінімдерді қалай жинау керек және оқушыларын ынталандыруды үйренеді. Сонымен қатар курста масштабталу және тұрақты табысқа жету блогы болады.

Оқыту маркетологтарға, фотографтарға, видеографтарға, IT-мамандарға, оқытушыларға және фрилансқа кетуді ойластырып жатқан басқа да саланың сарапшы мамандарына пайдалы болады. Берілген сілтеме өтіп тіркеле аласыз: https://terricon.kz/ru/sozdaniye-kursov 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 4-5 маусым, 10:00-17:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.