Kafka Apache қосымшалары үлкен құрылымдалмаған деректерді жинауға, сақтауға және өңдеуге арналған тапсырмалар үшін өте жақсы. Митапта Kafka-мен жұмыс істеу кезінде жиі кездесетін қателіктерді зерттейді және оларды барлық кезеңдерде қалай болдырмауға болатындығы туралы кеңестер береді.
Қатысушылар үшін Мәскеу қаласынан келген "Тинкофф" аға әзірлеушісі Ярослав Батычко сөз сөйлейді. Ол хабарлама брокерлерімен жұмыс істеу кезінде жиі кездесетін мәселелерді, оларды шешудің стандартты нұсқаларын, шешімдердің оң және теріс жақтарын талдайды. Сондай-ақ спикер жұмыс кейсін ұсынады және бұл мәселені өз жобасында қалай шешкенін айтады.
Митап тегін өткізіледі. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 5 қараша, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС