Баспасөз-релиздері

Қарағандылықтар салық салу туралы бәрін білді!

"Салық және сабақтас заңнамадағы өзгерістер. Салық салу режимдері" тақырыбында өткізілген митапында кәсіпкерлер мен болашақ кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп және салықтық есеп саласында құнды білім мен дағдыларға ие болды. 25 қазанд күні "Терриконовая Долина" ІТ-хабында өткен іс-шара табысты бизнес жүргізу үшін маңызды бухгалтерлік есептің заманауи аспектілеріне арналды.

Спикер және аутсорсингтік ұйымның басшысы Анастасия Мельник мүдделі қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, мол тәжірибесімен және білімімен бөлісті. Ол салық және сабақтас заңнамадағы өзгерістерді ашық түрде түсіндірді, тәуекелдер мен айыппұлдар туралы ескертті және әртүрлі салық режимдері туралы айтты.

Митап аясында қамтылған негізгі тақырыптар:

  • Салық және сабақтас заңнамадағы өзгерістер.
  • Салық салу режимдерінің арасындағы айырмашылық.
  • Бизнестің әртүрлі кезеңдерінде бухгалтерлік есепті қалай жүргізуге болады.
  • Сақталып тұратын және жасалатын маңызды құжаттар.
  • Бухгалтерлік есепте айыппұлдар мен мәселелерді болдырмауға арналған кеңестер.

Қатысушылар іс-шарада тыңдаған және алған пайдалы ақпаратқа риза болды.

Біз барлық ниет білдірушілерді бизнес пен маркетинг саласының өзекті мәселелеріне арналған іс-шараларымызға қосылуға шақырамыз.

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Қашан: 25 қазан, 19:00
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Видео жазбаның сілтемесі: https://youtube.com/live/8y7TVNXmGk8