Баспасөз-релиздері

IT-хабта кодсыз бағдарламалау бойынша тегін оқыту өтеді!

No-code платформаларының арқасында сіз HTML және бағдарламалау тілдерін білмей-ақ әзірлеуші бола аласыз. 6 тамыз күні IT-хабта үш күндік курс басталады, ол жерде қатысушыларға арнайы платформалардың көмегімен мобильді қосымшаларды құруды үйретеді.

Шақырылған спикер - Weloveflutterflow негізін қалаушылары Диас Жумагалиев пен Дамир Уали болады. Олар дәріс бөлімін ғана емес, мобильді қосымшаларды әзірлеудің no-code бойынша воркшоп өткізеді. Қатысушыларға мобильді қосымшаның макетін қалай жинау керектігі, no-code платформалары қандай функционалды ұсынады және олармен қалай жұмыс істеу керек, сонымен қатар мобильді қосымшалардың бизнес логикасы қандай. Екі күн ішінде Диас пен Дамир аудиторияға өз қосымшасын жасауға көмектесетін біліммен бөліседі. Үшінші күні қатысушылардың жобаларының презентациясы өтеді.

Курс стартаперлерге, маркетологтарға, сауда компанияларының өкілдеріне, сондай-ақ жас және әлі тәжірибесіз әзірлеушілерге пайдалы болады. Оқытуға офлайн және Webex Meetings платформасы арқылы  онлайн форматтарында қатысуға болады.

https://terricon.kz/ru/nocode  сілтемесі бойынша тіркеле аласыз.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 6-8 тамыз
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС