Баспасөз-релиздері

Спикерлер табысты стартаптың іске қосылуы туралы айтып береді

2024-06-10 16:07
Жұмыс прототипін қалай құруға және өз клиентін таба алатын стартапты қалай іске қосуға болады? 13 маусым күні IT-хабта "MVP: мықты стартапты қалай құруға болады" тақырыбында дәріс өтеді, ол жерде дайындық, іс қағаздарын жүргізу және нарыққа шығу процесі талданады.

Шақырылған спикерлер ретінде FabLab инженері Айдар Алимбаев және Fab Lab цифрлық прототиптеу зертханасының басшысы Мадина Нургалиева болады. Дәріс аясында Айдар R&D деген не екенін, прототиптеу (MVP), команданың құзыреттілігі туралы айтып береді. Сондай-ақ, өндіріске дайындық және құжаттаманы жүргізу, зияткерлік меншікті қорғау және жобаларға мысалдар келтіреді. Мадина өз кезегінде стартап-жобаларды қолдау бағдарламаларымен бөліседі, соның ішінде Назарбаев Университетінің инновациялық кластері ретінде NURIS мүмкіндіктері мен инфрақұрылымын талдайды.

Дәріс студенттерге, жаңадан бастаушы инженерлерге және стартаперлерге пайдалы болады. Қатысу тегін. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/business

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 13 маусым, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая долина" ІТ-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн/онлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы;"Терриконовая долина" ЖШС.