Спикер бизнестің бәсекеге қабілеттілігін, агенттікті ашу кезіндегі маңызды міндеттерді, бәсекелестерді талдауды және фриланс пен тапсырыс берушілердің проблемаларын талдайды. Сондай-ақ ол ұжым ішінде коммуникация құру туралы: кадрлардың ауысуынан қалай аулақ болуға болады, өндірістік бөлімдегі тиімсіздікпен қалай күресуге болады және тапсырыс берушілермен өзара іс-қимыл тақырыбын қозғайды.
Митап тегін өткізіледі және өзінің Digital-агенттігін ашуды жоспарлап отырған студенттер мен фрилансерлерге, сондай-ақ жаңадан бастаған студиялардың басшыларына пайдалы болады.
Сіз офлайн немесе онлайн форматында қосыла аласыз. Ұйымдастырушылардың кітап ұтыс ойынына тек офлайн-аудиторияның қатысушылары ғана қатысатынын еске саламыз. https://terricon.kz/ru/business сілтемесі бойынша тіркеле аласыз.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 20 қыркүйек, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС