Баспасөз-релиздері

Өткен іс-шарада ІТ-бизнес басшылары құқықтық қорғау әлеміне шолу жасады

IT-бизнесі әрқашан компанияның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін түрлі ішкі және сыртқы тәуекелдерге ұшырайды. 12 қазан күні "ІТ-да бизнесті құқықтық қорғау" тақырыбында өткізілген митапта IT-компаниялар үшін құқықтық қорғаудың негізгі аспектілері қарастырылды.

Іс-шараның бас спикері MG Partners компаниясының Қарағанды кеңсесінің директоры және заңгер болып жұмыс жасайтын Дарья Маркина болды. Іс-шара аясында қатысушылар серіктестік бизнес, құрылтай шарты, сауда белгілері, контрагенттерді тексеру процедуралары, келісімшарттар, еңбек қатынастары және компанияның ішкі ережелері сияқты бірқатар маңызды тақырыптарды зерттеді.

Іс-шара стартаперлерді, ІТ-бизнес иелері мен басшыларына ашық болды және онлайн немесе офлайн форматында қатысу қолжетімді болды. Митапқа қатысу мүлдем тегін және оның мақсаты IT саласындағы құқықтық қауіпсіздік мәселелерін кеңінен түсінуді қамтамасыз ету болды.

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Қашан: 12 қазан, 19:00
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Сілтемесі: https://youtube.com/live/ybuZfUzayFo