Баспасөз-релиздері

Желтоқсандағы Неконференция IT және digital мамандарын жинайды

12 желтоқсанда IT-hub Terricon Valley алаңында кезекті Неконференция өтеді – бұл шара дәстүрлі түрде технологиялық қауымдастық өкілдерін трендтер мен индустриядағы өзекті мәселелер туралы ашық, практикалық бағыттағы пікірталасқа біріктіреді.

Бұл жолы қатысушылар нарықтың негізгі процестерін ішкі жағынан көру мүмкіндігіне ие болады: фандрейзинг пен командаларды басқарудан бастап, AI өнімдерін дамытуға және платформалық жұмыспен қамтудың жаңа құрылымына дейін. 4sell.ai компаниясының CEO және негізін қалаушы Роман Белопольский инвестиция тарту кезеңдерімен бөлісіп, инвесторлардың бас тартуларының шынайы себебін түсіндіреді. «Бухта» жобасының проект менеджері Айбек Талгатбек платформалық жұмыспен қамтуға көзқарасын ұсынады – бұл бағыт алдағы жылдары белсенді дамып, бизнестің жаңа нормативтік шынайылығының бір бөлігіне айналмақ. Teachbox.kz негізін қалаушы Айгерим Канафина команданың ішіндегі көшбасшыларды тәрбиелеу механизмдері мен басқарушылық компетенцияларды сегіз апталық цикл аясында жүйелі түрде дамыту жолдарын айтып береді.

inDrive компаниясының MLOps инженері Егор Косарецкий қатысушыларды жасанды интеллекттің таралуына байланысты өзекті болып жатқан мамандықпен таныстырады. AIFC компаниясының Head of IT Products Айбат Мухамметжан технологиялық болашақ тақырыбын жалғастырып, жасанды интеллекттің жаңа толқыны, автономды агенттердің дәуірі және кәсіпкерлер мен стартаптарға ашылатын мүмкіндіктер туралы баяндайды. Баяндамалар блогын Wooppay компаниясының мобильді даму бөлімінің жетекшісі Андрей Захарченкоқорытындылайды. Ол Steam және Skinmarket экожүйелерінің инженер көзқарасымен дамуын қарастырып, мобильді платформалардағы өзгерістерді, әзірлеушілерге қойылатын талаптарды және қосымшалар нарығын қалыптастыруға әсер ететін факторларды түсіндіреді.

Ұйымдастырушылар сенімді: желтоқсандағы Неконференция қатысушыларға өзекті білім алуға ғана емес, кәсіби байланыстар орнатуға, тәжірибе алмастыруға және әріптестермен маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін алаң болады.

Қатысу тегін, тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/neconf

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 12 желтоқсан, 18:30

Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: онлайн/офлайн