Баспасөз-релиздері

IT-хабта мобильді қосымшаларды жылжыту бойынша тегін дәріс өткізіледі

Тіпті ең пайдалы қосымшаны App Store және Google Play-де жылжытпаса сұранысқа ие болмайды. Бұл туралы  Android және iOS қосымшаларының инди-әзірлеушілер тобындағы T-shaped маманы Айжан Хасенова айтып береді. 2 тамыз күні ол сіздің қосымшаңызды жүктеулер мен орнату санын қалай өсіруге болатындығы туралы   митапта айтып береді.

Айжанның қосымшалармен жұмыс істеу тәжірибесі көп: ол Android-қосымшаларды инди-әзірлеумен, iOS-қосымшаларды беттеумен, UI/UX-дизайнымен, QC және тестілеумен, ASO-оңтайландырумен айналысты.

Спикер App Store Optimization-да позицияны ТОР-1 рейтингідегі сторларда позицияны жоғарлату туралы,  бұл қосымшалардың мобильді телефондарға орнату санын арттыруға мүмкіндік береді. Дәрістен кейін әр қатысушы дүкендердегі қосымшаның беттерін өз бетінше оңтайландыруға және пайдаланушылардың конверсиясын арттыруға мүмкіндік ала алады.

Сондай-ақ қатысушылар мобильді қосымшаларды жылжыту негіздері, Google Play және App Store-да оңтайландыру ерекшеліктері және визуалды қосымшаларды оңтайландырудағы графикалық дизайнның рөлі туралы біледі. Соңында спикермен "сұрақ-жауап" сессиясы өтеді.

Дәріс мобильді әзірлеушілерге, стартап-қосымшалардың негізін қалаушыларға, IT-кәсіпкерлерге және SEO-мамандарына пайдалы болады. Іс-шараға біздің IT-хабта офлайн немесе Webex Meetings платформасы арқылы онлайн қатысуға болады.

https://terricon.kz/ru/it сілтемесі бойынша тіркеле аласыз.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 2 тамыз, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС