Баспасөз-релиздері

Кайдзен принциптерін бизнесте қалай қолданылатыны митапта айтылады

Кайдзен кәсіпкерлерді бизнесті басқару әдістеріне үйретеді, осылайша бұл жетілдіру әр жағдайда ғана емес, үздіксіз жүріп тұрады.

Спикер ретінде "Региональный центр бережливых технологий СИМКОН" ЖШС-нің кеңесшісі Олег Мецик "Бизнестегі кайдзен: іс-әрекетте үздіксіз жетілу" тақырыбында баяндамасын оқиды және митапта ол кез-келген бизнестің қалай және неге өзгеруі, жақсаруы керектігін айтады. Сонымен қатар, Олег Кайдзен принциптерінің жұмыста қалай қолданылатынын және кәсіпкерлерді бизнесті басқаруды үйрету бойынша бөліседі.
Кәсіпкерлерді, стартаперлерді, басшыларды және деректермен жұмыс істеуге жауапты қызметкерлерді шақырамыз. Қатысу тегін, сіз офлайн немесе онлайн форматында қосыла аласыз. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/business

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 23 қыркүйек, 16:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.