Баспасөз-релиздері

Студенттер өткізілетін митапта қаржылық сауаттылық туралы біледі

2023-12-08 17:12
Қаржылық сауаттылық - бұл адамның өмір сүру деңгейінің жоғарылауына әкелетін ақшаны қалай дұрыс басқару керектігі туралы білім мен дағдылардың жиынтығы. 11 желтоқсанд күні банк колледжінде MAXIMUM қызмет көрсету орталығының басшысы Инга Роздобудько баяндамасын оқиды. Ол өз бюджетін сәтті басқару үшін қаржылық сауаттылық ережелерімен бөліседі.

Өз сөзінде Инга адамның өмір сүру кестесіндегі қаржыны және қаржылық жастықты қарастырады: не үшін және қалай жасау керек. Сондай-ақ ол болашақ кәсіпкерлерге пайдалы болатын тақырыптарды талдайды, оның ішінде жалдамалы қызметкердің, фрилансердің және ЖК-дің қаржылық модельдерін салыстырады: артықшылықтары мен кемшіліктерін, жасырын көзге көрінбейтін қиындықтарын; сенімді қаржы құралдарының түрлерін және ҚР қаржы жүйесі туралы білім негіздері: салықтар, ЖК ашу және ЖК түрлері.

Митап колледж студенттері үшін офлайн форматта өтеді, ал барлық ниет білдірушілер онлайн-трансляцияға қосыла алады. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/business

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 11 желтоқсан, 12:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.