Баспасөз-релиздері

No-code әзірлеу курсында нені үйретті?

6 тамыз күні IT-хабта "No-code платформалары толық әзірлеу ортасы ретінде" тақырыбы бойынша үш күндік оқыту басталды. Шақырылған спикерлер қатысушылармен теориялық білімдерімен бөлісіп қана қоймай, өздерінің жеке мобильді қосымшаларын құру бойынша воркшоп өткізді.

Weloveflutterflow қосымшалар конструкторының негізін қалаушылары Дамир Уали мен Диас Жумагалиев оқытуда дәріскерлер болды. Дамир олардың компаниясы туралы айтып, бірнеше кейспен бөлісті, олардың ішінде Jurta жылжымайтын мүлік нарығына арналған қосымшалар, CheckApp медициналық қызметтеріне тіркелу және Onix жеткізу қызметтері.

Дамирдің айтуынша, әзірлеушінің  No-code және Low-code мамандығы қазір үлкен сұранысқа ие, ал болжам бойынша 500 қосымшаның 450-і No-code қағидаты бойынша құрылады. Диас өз кезегінде, FlutterFlow функционалдығы туралы айтып берді және қатысушылармен мастер-класс өткізді, ол өз конструктірінде қосымшаны құру процесін кезең-кезеңімен көрсетті. Сондай-ақ Диас мобильді серверлік қосымшаларды жеңілдетуге арналған Google-ден серверлік қосымшалар жиынтығын беретін Firebase платформасының мүмкіндіктерін атады және оны FlutterFlow-мен қалай біріктіруге болатындығын түсіндірді. Firebase - бұл өзіңіздің мобильді серверіңізді құрудың нақты баламасы.

Екінші күні қатысушылардың қосымшаларды әзірлеу бойынша жұмысы жалғасты. Диастың жетекшілігімен олар жобаға ауа-райын болжау, карта, кіріктірілген чат және т.б. қосуды үйренді. Оқудың соңғы күні спикер аудиторияның сұрақтарына жауап беріп, олардың өз жобаларын кері байланыс үшін тексеруге қалай жіберу керектігін түсіндірді.

Барлық оқу күндерінің видео жазлымы біздің Youtube каналымыздан көруге болады: https://www.youtube.com/c/TerriconValley 

Қашан: 6-8 тамыз
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС