Elixir - Erlang-та жұмыс істейтін және веб-қосымшаларды құру үшін қолданылатын бағдарламалау тілі. Әзірлеушілер Elixir-де жоғары жылдамдық пен өнімділікті, түсінікті синтаксис пен сенімділікті атап өтеді.
Митапта қатысушыларға Elixir туралы көбірек айтылады. Оның ішінде оның функциялары, перспективалары, оқуы және қай жобаларға сәйкес келетіні туралы айтылады. Сондай-ақ Юрий не себептен Elixir-де код аз екендігін, ал Elixir бағдарламашыларының жалақысы жоғары екенін түсіндіреді.
Митаптың соңында ұйымдастырушылар ең белсенді қатысушыларды кітаппен марапаттайды. Сіз офлайн және WebEx Meetings платформасы арқылы онлайн форматында қосыла аласыз. https://terricon.kz/ru/it сілтемесі бойынша тіркеле аласыз.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 16 маусым, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС