Terricon Valley IT-hub-да кезекті Неконференция өтеді. Бұл бизнес, IT және білім беру салаларының өкілдері бас қосып, индустрияның өзекті мәселелерін, мансаптық дамуды және өнім жасаудың заманауи тәсілдерін талқылайтын тәжірибе алмасуға арналған ашық алаң.
Ерлан Шулкадиров, Customer Success Leader, бизнес жұмысы сіздің сервисіңізге тікелей байланысты болған жағдайда клиенттерді қалай ұстап қалуға болатыны туралы айтып береді. Сондай-ақ Customer Success-тің клиенттерді қолдау қызметінен айырмашылығын және клиент жетістігін нақты қандай метрикалар көрсететінін түсіндіреді.
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Карина Костина халықаралық коммуникацияның бизнес пен технологияларды дамытудағы рөліне арналған баяндамасымен бөліседі. Ол бүгінде ағылшын тілін меңгеру неліктен жай ғана қосымша дағды емес, халықаралық серіктестік орнату, мансапты дамыту және технологиялық жобаларды іске қосу үшін маңызды құралға айналғанын түсіндіреді.
Жеке брендтің кәсіпкерлерге бәсекелестік жоғары нарықта ерекшеленуіне қалай көмектесетіні туралы Big4 компаниясының аудит бөлімінің стажері әрі Engellence білім беру жобасының негізін қалаушы Камиля Жумабаева айтып береді. Ол кәсіби бедел қалыптастыру тәжірибесімен бөлісіп, маманның танымал болуы клиенттердің, серіктестердің және инвесторлардың сеніміне қалай әсер ететінін түсіндіреді.
Recoursia компаниясының Partner & CEO-сы Жансая Гиззат кәсіби трансформациясы туралы жеке тарихымен бөліседі. Ол бортсеріктен fullstack-әзірлеушіге дейінгі жолы, мамандық ауыстыру барысында кездескен қиындықтар және IT саласына келуді шешкен жаңадан бастаған мамандар жиі жіберетін қателер туралы айтып береді.
Recoursia компаниясының Founder-ы және team lead-әзірлеуші Бахтияр Гиззат мультиагенттік жүйені әзірлеуге қатысты практикалық кейсті таныстырады. Ол өз жобасының мысалында шешім архитектурасының қалай құрылғанын, іске асыру барысында қандай қиындықтар туындағанын және әзірлеудің маңызды кезеңдерін еңсергеннен кейін команда қандай қорытынды жасағанын көрсетеді.
Ал EPAM Kazakhstan компаниясының Software Testing Manager-і Кирилл Киреев тестілеуші мамандығының қалай өзгеріп жатқанын, 2026 жылы қандай құзыреттерге сұраныс жоғары екенін және бағдарламалық жасақтаманың сапасын қамтамасыз ету саласында табысты мансап құрғысы келетіндерге неге назар аудару керектігін айтып береді.
Қатысу тегін, тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз: https://terricon.kz/ru/neconf
Іс-шара Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.
Өтетін күні: 31 шілде, 18:30
Өтетін орны: IT-hub «Терриконовая долина», Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн / онлайн