Баспасөз-релиздері

Жас стартапер мектеп оқушысы бола тұра жобаны қалай құру керектігін айтып береді

Идеяларды кез-келген жаста бизнеске айналдыруға болады. Бұл туралы Арсен Қылышбек дәлелдейді, ол 17 жасында ЖОО таңдау бойынша өзінің онлайн-платформасын және мектеп оқушыларына арналған стартап-қоғамдастықты құрған. 28 шілде күні ол митап өткізеді, ол жерде Арсен өзінің жолы мен жаңадан бастаушыларға өзінің жеке бизнес-жобасын қалай бастау керектігі туралы айтып береді.

Жас маман ретінде Арсен екі стартапты құрып қана қоймай, Стэнфорд университетінің жазғы мектебінде Data Science курсында оқып, веб-сайттар жасаумен айналысады. Оның Admitted жобасы беделді халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, одан әрі әзірлеуге қаржыландыру алып үлгерді.

Митапта спикер жобалармен жұмыс істеу кезінде жасаған қорытындылары туралы: идеяларды қалай дамыту, туындаған мәселелерді қалай шешу, инкубациялық бағдарламаларға қалай қатысу және егер сен оқушы/студент болсаң, қалай келіссөздер жүргізу туралы айтып береді. Ол стартаптарды жүргізу, инвестициялар тарту және халықаралық инновациялық конкурстар мен инкубаторларға қатысу тәжірибесімен бөліседі.

Митап мектеп оқушыларына, студенттерге, стартаптардың негізін қалаушыларға, сондай-ақ өз идеяларын ойастырып жүрген барлық жас ақыл-ойларға пайдалы болады. Сіз кез-келген қаладан онлайн форматында және офлайн  қатыса аласыз. https://terricon.kz/ru/business сілтемесі арқылып өтіп, тіркеле аласыз.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 28 шілде, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС