19 маусым күні “Кез келген әзірлеушіні Rust неге үйрете алады?” тақырыбында қазақ тілінде дәріс өтті. Оны TargetAI компаниясының backend-әзірлеушісі Абуталиф Акылбеков жүргізді. Дәріске техникалық ЖОО студенттері, жаңадан бастап жатқан және тәжірибелі әзірлеушілер, сондай-ақ IT саласына ауысуды жоспарлап, Rust тілін болашағы бар бағыт ретінде қарастырып жүргендер қатысты.
Қатысушылар Rust тілінің негіздерімен, жадты басқарудың негізгі тұжырымдарымен, асинхрондылықтың ерекшеліктерімен және қауіпсіз код жазу қағидаларымен танысты. Әсіресе спикер ерекше атап өткен borrow checker құралымен жұмыс істеу тақырыбы үлкен қызығушылық тудырды - бастапқыда ол кедергі секілді көрінгенімен, уақыт өте келе әзірлеушінің ең сенімді серігіне айналады.
Оқыту форматы тек пайдалы ғана емес, шабыттандыратын да болды: көптеген қатысушылар Rust тілінің код жазуға деген үйреншікті көзқарасты түбегейлі өзгерткенін мойындады.
Дәріс жазбасын мына сілтеме арқылы көруге болады: https://share.kz/gmyc
Қашан: 19 маусым, 19:00
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: онлайн/офлайн
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС