Баспасөз-релиздері

Жаңадан бастаушы айти мамандары frontend-әзірлеу туралы көбірек білді

Фронтенд-әзірлеу - бұл пайдаланушылар өзара әрекеттесетін сайттың немесе қосымшаның интерфейсін құру. 31 тамызда ІТ-хабта Senior Frontend Developer Абылай Базарбаев сөз сөйледі, ол осы бағыттың болашағы туралы және жаңа бастаушы мамандарға бұл саланы не себептен мансап үшін таңдау керектігін айтты.

Спикер фронтенд-әзірлеушілердің немен айналысатынын және олардың қызметі компания үшін неге аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, әзірленіп жатқан пайдаланушы интерфейсі клиентпен өзара әрекеттесу тиімділігіне тікелей әсер етеді. Қатысушыларға түсінікті болу үшін ол компания үшін интерфейстің маңыздылығына бірнеше мысал келтірді.

Фронтенд-әзірлеудің артықшылықтарына Абылай жұмыс істеуді бастау алдында кірудің төмен шегі, жеңіл бағдарламалау тілдері және әзірлеушілерге үлкен сұраныс деп атады. Сондай-ақ, саланың болашағының бар екендігіне бірнеше дәлелдер келтірді және осы мамандықтың оған не бергені туралы жеке тәжірибесімен бөлісті. Соңында шақырылған сарапшы аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

Митаптың видео жазбасы https://www.youtube.com/watch?v=RZs-mcckGZY сілтемесі бойынша көруге қолжетімді.

Қашан: 31 тамыз
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС