Компанияның және жалпы бизнестің жетістігі көбінесе командаға байланысты. 6 мамыр күні IT-хабта "Synergy Life" ЖШС директоры және "Атамекен" ӨДҚП іскер әйелдер кеңесінің аймақтық төрағасы Марина Шиллермен митап өтеді. Ол сізге қызметкерлерді қалай жалдау керектігін және ұжымды мақсатқа жетуге қалай ынталандыру керектігін айтып береді.
Марина өз компаниясының ішінде жұмыс жасаған қағидаларымен бөлісіп, команданы біріктірудің қандай әдістері жұмыс істейтінін және басқа кәсіпкерлерге жақсы ұсыныстар береді. Қатысушыларға ішкі коммуникациялық процестерді қалай құру, командадан нәтижеге қалай қол жеткізу және тапсырмаларды қалай дұрыс тапсыру керектігі айтылады.
Дәріс соңында сіз қызметкерлермен қарым-қатынасты қалай жақсартуға болатындығын және бұрын басшылықта жіберген қателіктер қандай болатындығын түсінесіз.
Митап директорларға, бөлім басшыларына, кәсіпкерлерге, бизнес иелері мен стартап жетекшілеріне пайдалы болады. Сілтеме бойынша тіркеле аласыз: https://terricon.kz/business
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”. Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.