Баспасөз-релиздері

Әзірлеушілер мидл деңгейіне өту жолдарын білетін болады

2025-10-03 08:50
7 қазан күні өтетін онлайн-оқыту барысында джуннан мидл деңгейіне дейін өсу және IT индустриясында орнығу жолдары талқыланады. Іс-шара бағдарламалауда өз жолын жаңа бастаған, алғашқы жұмысын іздеп жүрген немесе мамандықта жүйелі түрде дамуды көздейтін қатысушыларға арналған.

Спикер ретінде Hard & Soft Skills компаниясының Founding Architect-і Павел Вейник сөз сөйлейді. Ол әзірлеушілерге өз дағдыларын арттырумен қатар, кәсіби өсу стратегиясын қалыптастыруға көмектесетін тәжірибесі мен нақты құралдарымен бөліседі. Сарапшының айтуынша, джуннан мидл деңгейіне көшу бұл тек бағдарламалау тілдерін білу ғана емес, сонымен қатар «soft skills» дағдыларын дамыту: тапсырмаларды кешенді түрде шешу, жауапкершілік алу, командамен тиімді өзара әрекеттесу және орындаушы ретінде емес, инженер ретінде ойлау қабілетін қалыптастыру.

Дәріс барысында қатысушылар мансаптың келесі деңгейіне өту үшін қандай құзыреттерді дамыту қажет екенін, IT саласында алғашқы жұмыс орнын қалай табуға болатынын және жұмыс берушілер нені басты назарға алатынын біледі. Павел әсіресе оқу мен өзін-өзі дамытудың маңыздылығына тоқталады, білімді қайдан алуға болады, пайдалы ресурстарды қалай таңдау керек және ақпарат ағынында қалай жоғалып кетпеу жолдарын түсіндіреді. Сондай-ақ ол кәсіби өсудің психологиялық қырын қозғайды: жаңа мамандарда жиі кездесетін «мен ештеңе білмеймін» деген сенімсіздік сезімін қалай жеңуге болатыны туралы әңгімелейді.

Оқыту ағылшын тілінде өтеді. Қатысу тегін, тіркелу https://terricon.kz/ru/it сілтемесі арқылы.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 7 қазан, 19:00

Форматы: онлайн