Баспасөз-релиздері

Қазақстандық стартап Кремний алқабында аталды

TrustMe келісім-шарттарға электрондық қол қою жобасы Hero Training бағдарламасының қорытындысы бойынша топ-10 стартаптың қатарына енді. Жобаның негізін қалаушы стартапты американдық нарыққа сәтті таныстырып қана қоймай, венчурлық инвестор Тим Дрейпердің де назарын аударта алды. Мақалада қазақстандық стартаперлердің шетелдік нарықтарды қалай бағындыратынын және табысқа жету жолында қандай қиындықтарға тап болғанын айтып береміз.

TrustContract - бұл онлайн келісім-шарттарды жасасу қызметі. Жоба маңызды құжаттарға қол қою кезінде физикалық қатысу қажеттілігінен арылту арқылы уақыт пен ресурстарды үнемдегісі келетін, бірақ процестің қауіпсіздігіy және ыңғайлылығын көздейтін кәсіпкерлерге арналған шешімді ұсынады. Бәсекелестерге қарағанда бұл қызмет келісім-шарттың ережелерін бағдарламалайды және келісім-шарттың екі тарап үшін адал шарттар жасай отырып, адами факторды жояды.

Стартаптың негізін қалаушы Чингиз Даулетбаев: - Бастапқыда біз жобаны пікірлер мен ұсыныстар қызметі ретінде іске қостық. Содан кейін біз оны монетизациялауға шешім қабылдап, TrustContract құру идеясына келдік. Бұл ретте бастапқыда сервис бір - біріне қарызға берудің және осы қаражаттың есебін жүргізудің мүмкіндігі болуы тиіс еді, - деп айтты.

Алғашқы сатылымдарды жасау жолында Чингиз әртүрлі қиындықтарға тап болды. Ең басты қиындықтың бірі қаржы жағы болды. Стартапердің айтуы бойынша, ұзақ уақыт бойы жобаға мүлдем инвестиция болмаған кезең болды және ол стартаптың жұмыс істеп тұруы үшін қарыз сұрауға мәжбүр болды. Мамандарды жалдау, клиенттермен байланыс және сервистегі қателіктер сияқты қиындықтарды да айналып өткен жоқ.

"Стартаптарда ешқашан барлығы бірден жақсы болмайды. Бірақ егер мәселе болса, оны шешудің көптеген жолдары бар екенін түсіндім. Әр түрлі жолдарды іздеу керек, үнемі тырысып, өз-өзін аттап, басыңыздағы кедергілерді бұзу керек", - дейді Чингиз.

Шетелдік нарыққа шығу мақсатын қойып, TrustMe командасы Astana hub-тың Scalerator акселерациялық бизнес-бағдарламасына қатысты. Ол жерде ұйымдастырушылар қатысушыларға өздерінің стартаптарын талдауға және басқа елдердің компанияларымен алғашқы келісім-шарттар жасауға көмектесті. Scalerator бағдарламасы Чингизға және оның командасына халықаралық клиенттер үшін сатылым дағдыларын үйренуге, соның ішінде тапсырыс берушілерді қалай табуға, келіссөздер жүргізуге, келісім-шарттар жасауға және әр кезеңде өзара әрекеттесуге мүмкіндік берді.

Ал жақында TrustMe командасы Кремний алқабында Astana Hub пен DraperU бiрлесiп Hero Training бизнес-бағдарламасынан өтті. Жоба Орталық Азияның осындай мүмкіндігіне ие болған 12 үздік стартаптарының бірі болды. Бағдарламаға барлығы 48 елден 150-ге жуық кәсіпкер қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша TrustMe ең инновациялық және инвестициялық үздік жоба ретінде таңдалды. Чингиз Даулетбаев атап өткендей, осындай қуатты бағдарламаға қатысу оған және оның командасына АҚШ нарығын зерттеуге және TrustMe-де американдық тапсырыс берушілерді тарту үшін барлық ресурстар бар екенін түсінуге мүмкіндік берді. Бағдарламаның Demo Day-де венчурлық инвестор Тим Дрейпер жобаның болашағы бар деп таныды және инвестициялауға өз тілегін білдірді.

"Бізде көптеген жоспарлар бар, бірақ біз ең маңызды ресурс - уақытпен шектелеміз. Егер негізгі нәрсені бөліп көрсететін болсақ, әрине, Түркия, БАӘ, Аргентина сияқты шетелдік нарықтарды игеруді жалғастырғымыз келеді және АҚШ-тағы стартап жұмысын дамытқымыз келеді. Жақында біз Ташкентте өкілдік аштық, ол жерде де байланыс орнатамыз", - дейді Чингиз.

TrustMe жобасы - қазақстандық стартаптардың жаһандық инновациялар алаңында маңыздылығы мен зор мәнін растайтын көптеген мысалдардың бірі ғана. Ол біздің еліміздің кәсіпкерлері жоғары технологиялық және сұранысқа ие өнімдерді жасай алатындығын және кәсіпкерлердің жаңа буындарын үлкен жетістіктерге шабыттандыра отырып, әлемдік инновациялық экожүйеге өз үлестерін қосатындығын айқын көрсетеді.