Баспасөз-релиздері

IТ-хабта IT және Digital қауымдастық үшін Неконференция өткізілді

Айына бір рет "Терриконовая Долина" ІТ-хабында IT-мамандар, кәсіпкерлер, маркетологтар және digital коммьюнитидің басқа өкілдері жиналады. Неконференцияны өткізу жоспары шақырылған спикерлердің дәрістерін, нетворкинг сессиясын, кофе-брейкті және ұйымдастырушылардың сыйлықтарын қамтиды. Бұл іс-шара талантты мамандарды тарту нүктесі болып табылады, олар үшін Неконференция - бұл әріптестермен қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.

28 сәуірде ұйымдастырушылар төрт спикерді олар: "Винвестор журналының" редакторы Сергей Габовты, Tengizchevroil-дегі Senior Scrum Master Азат Тураровты, Somnium ЖШС-дағы frontend developer Алибек Токановты және Ex-Sberdevices Middle Backend Developer Алексей Чистовты сөз сөйлеуге шақырды. Олардың әрқайсысы сарапшы болып табылатын тақырыпты ұсынды және тәжірибеде алған дағдыларымен бөлісті.
Азат Тураров "Неге Agile жұмыс істемейді" тақырыбында сөз сөйледі, ол мысалға арналған кейспен өнімді әзірлеу неліктен сәтсіздікке ұшырауы мүмкін екендігін, кәсіпорындағы ішкі өніммен жұмыс істеу ерекшеліктері және сұранысқа ие өнімді жасау құралдары туралы айтты. Сондай-ақ спикер Discovery және Delivery деген не, Agile және Scrum айырмашылығы, брейншторминг техникасы және жоспарлау әдістерін талдады.

Сергей Габовтың дәрісі қаржылық қауіпсіздік пен алаяқтарды анықтау әдістеріне арналды. Ол компанияның күдікті әрекеттерін анықтауға көмектесетін чек-парақ сұрақтарымен бөлісті. Сондай-ақ спикер жаңадан келген инвесторға ақша жоғалтпау туралы негізгі ережелердің тізімін берді.

Осы уақытта әзірлеу залында Алибек Токанов "frontend-әзірлеушінің қалыптасу жолы" тақырыбын ұсынды. Ол IT-ге кірген жолы туралы, frontend неліктен жаңадан бастаушылар үшін ең жақсы нұсқа деп санайтынын, саланы қайдан бастау керектігі және ЖИ құралдарын оқытуға қалай көмектесетіні туралы айтты.

Ал Алексей Чистов өз сөзін Python тілін талдауға және backend-әзірлеуге арнады. Оның ішінде ол backend пен frontend арасындағы айырмашылытарын, backend-те Python қалай жұмыс істейтінін және қолданылатынын, қандай кітапханалар мен құрылымдар бар екенін, Data Science және Machine Learning деген не екенін түсіндірді.

Неконференцияның дәстүрлі аяқталуы ұйымдастырылған кофе-брейк кезінде тақырыптарды бірлесіп талқылау болды.

Қашан: 28 сәуір
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС